Бұл туралы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары қабылдаған ақпараттық хабарламада айтылған.
«Ұйым аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен гүлденуіне көмектесетін көпфункционалды тиімді құрылымға айналды», — делінген ақпараттық хабарламада.
ШЫҰ-ның 10 жылдығында ұйымға төрағалық еткен Қазақстан өз миссиясын абыроймен орындады.