Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Алғаш естігенде таң қалғанмын. Ондайдан Құдай сақтасын дегенмін. Байзақова деген кезде бірден инстаграм есіме түсті. Екеуіңнің дос емес екендеріңді білдік. Нұрбек ашық айтты. Нұрбек маған «анашым, ол маған ұнайды. Онымен бірге болғым келеді» деді. Мен «ұлым, оның не? Әкең таң қалып жатыр» дедім. Содан ол «жоқ, мен өз таңдауымды жасадым» деді. Сол кезде 3 қызым маған «Анашым, бұл жай ғана имидж. Оның қандай адам екенін білмейсіз. Инстаграм үшін, оқырман үшін», — деп түсіндірді. Егер әкеміз «жоқ» десе онда жоқ деген сөз. Әкесі Айжанның барлық сұхбатын көріп, фильмдерін көріп қазір Айжанның үлкен жанкүйеріне айналды. Кейін әкесі «жақсы, ұлым танысайық» деді. Бәрібір қорқыныш болды, мен уайымдадым. Сөйлестік, әңгімелестік. Соңында әкесі «Жанна, орамал әкел, келін» деді. Орамал тағып, жеңілдеп қалдым», — деді Айжан Байзақованың енесі.