Өнер қырандарының біз білмейтін былықтары шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнер қырандарының біз білмейтін былықтары шықты

Өнер қырандарының біз білмейтін былықтары шықты

Көпшілік көңілінен шығып, елге күлкі сыйлап онымен қоса тәрбиелік мәні бар қойылымдарды жиі қойып жүретін «Өнер қырандарының» біз білмейтін былығы шықты.

  • 13 Ақпан 2020
  • 1652
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үлкен отбасының экс-мүшесі Дәулет Бижанов театрдан неге кеткенін айтып берді.

Дәулет Бижанов:

«Театрдан шығасың деген ұсынысты өздері айтты. Кейіннен қайта кел дегенде мен бармай қойдым. Себебі: Мен басқа жерде өнер көрсететін банкет алдым. Сонымен олар маған қатты ренжіген сияқты ма? Білмеймін бірақ тірі адам тіршілігін қашанда жасайды ғой. Маған ашып осы уақытқа дейін жігіттер ештеңе айтқан жоқ.Мүмкін менің тағдырым аса маңызды емес шығар. Сол кезде де шығасың деп телефон арқылы айтты. Не себеп екені маған қараңғы», -деді.

Қазіргі қарым-қатынастары жақсы көрген жерде сәлемі түзу десек те, ескі достарына өкпесі бар сияқты.

Театрдан қандай себеппен қуылғанын білмеген Дәулет қазір сахнаны қатты сағынып жүр. Қанша реніші болса да, қайтадан Өнер қырандарымен бірге бір сахнада өнер көрсеткісі келеді. Оларға деген құрметі бұрынғыдан да еселенгенін жеткізді. Бірақ жата-жастанып олардың есіктерін қақпайтындығын да айтып қалды.


Болашақта өзінің жеке театрын ашуды армандайтын Бижанов мырза жасы келгенде міндетті түрде арманын орындайтынын айтып ағынан жарылды.

 

Соңғы жаңалықтар