Өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды тасталымдары генофондты құртады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды тасталымдары генофондты құртады

Өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды тасталымдары генофондты құртады

Қоршаған ортадағы канцерегендердің балаларға тигізетін әсерін зерттеу, өндірістік зиынды тасталымдардың жатырдағы балаға тигізетін зиянды әсерінің, нәрестелердің ауруы мен балалардың аруының арасында тығыз байланыс барлығын көрсетті, деп облыстық ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимова мәлім етті.

  • 13 Шiлде 2011
  • 1184
Фото - Caravan.kz

«Радиациялық, химиялық факторлардың араласа әсер етуі генофондтқа жоятындай әсер етеді. Барлығы да Өскемен балаларының кейде немен ауратынын түсінбейтінгін біледі. Ағзаның өзін-өзі қорғау қабілетінің әлсіздігі жағдайында жай ғана тұмау өте ауыр өтеді», — деп Р. Рахимова кеңестің сәрсенбі күнгі отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, бұдан бес жыл бұрын Алматы педиатрия орталығымен бірлесе жүргізген зерттеулерде, Өскеменде топырақтың қорғасынмен ластануы Алматыға қарағанда 5 есеге артық екенін және оның концентрациясының шекті мәнінен (КШМ) 10 есеге артық екенін көрсетті. Сәйкесінше, Өскеменде жемістер мен көкөністерде, сүтте қорғасынның құрамы 3,2 есеге артық. Өскемендегі балардың тырнағы мен шашындағы қорғасын мен мырыштың құрамы 1,5 есеге артық.

«Онда балалар мен жүкті аналарда темір жетіспеушілік анемиясы Алматыға қарағанда екі есеге артық. Өскемендегі өндірістік қалдықтардың әсерінен балалардың бронхалы демікпесі мен онкоауруларға шалдығуы өсіп келеді. 2011 жылдың алғашқы жартысында онкоаурулардан екі бала қайтыс болды», — деп орталық директоры мәлім етті.

Р. Рахимованың айтуынша, молекулалық салмағы ауыр зиянды заттар плацента (кіндік жіп) рақылы оңай өтіп кетеді де, іштегі балаға канцерогендік, онкологиялық, эмбриотоксикалық әсер етіп, жатырдағы баланың өмірлік органдарына патологиялық әсер етеді. Бұл ретте соңғы 3 жылда ана мен бала орталығында мезгілінен бұрын босану 2,5 есеге артып, алғашқы жартыжылдықта әрбір 10-шы босану мезгілінен бұрын болды. Нәрестелердің шетінуінің құрылымында тыныс органдарының паталогиясы бірінші орында, 18% дамудың әр түрлі ауытқулары. Ол сыртқы ортаның мутагендік әсерінен туындаған.

«Жақында өткір лейкоздан 6 айлық бала қаза болды. Біз нәрестелердің шетінеу көрсеткіштерінің жоғарылығын Шығыс Қазақстан экологиялық ахуалының қолайсыздығынан деп есептейміз», — деп тұжырымдады директор.

Р. Рахимованың пікірінше, экологиялық жағдайды бағалаудағы ең негізгі көрсеткіш — халық денсаулығы болуы тиіс. Бұл ретте, дәрігердің пікірінше, облыстағы экологиялық жағдайды шешуде жүйлілік пен ғылыми-кешенді көзқарас жоқ.