Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағасы бір айда 0,6%-ке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағасы   бір айда 0,6%-ке өсті

Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағасы бір айда 0,6%-ке өсті

Ағымдағы жылдың маусымында мамырмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағасы 0,6%, өндірілген өнім - 0,7%, көрсетілетін өндірістік сипаттағы қызметтер - 0,1% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2005
  • 550
Фото - Caravan.kz

Өткен айда бағаның өсуі кен өндіру өнеркәсібінде — 1,7% тіркелді, ал төмендеуі өңдеу өнеркәсібінде — 0,6% тіркелді, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде оның деңгейі өзгеріссіз қалды.

Өндіруші-кәсіпорындар энергия ресурстарының бағалары мен тарифтері тұтастай алғанда 1,8% өсті. Мұнайдың әлемдік рыноктарда қымбаттауы оны республикада өндіру бағасының 2,6%-ке өсуіне ықпал етті. Табиғи газдың бағасы — 1,9%, мұнай өнімдерінің бағасы — 1,2%, көмірдің бағасы — 0,3% өсті, тек газ конденсатының бағасы — 6,3%-ке төмендеді.
Металлургия өнеркәсібіндегі бағаның 2,6% төмендеуі қара металдар илегінің — 5,7%, ферроқорытпалардың — 1,5% және түсті металдардың — 1,4% арзандауына байланысты болды. Мұның өзінде, өндірушілердің өңделмеген алюминий бағасы — 4,3%-ке, мырыш бағасы — 3,3%-ке, қымбат металдар бағасы — 1,2%-ке, мыс бағасы — 0,2%-ке төмендеді, ал қорғасын бағасы — 1%-ке өсті.
Республикада дайындалған азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,8% құрады, бұл мал етінің — 3,1%, одан жасалған өнімдердің — 1,2%, шайдың — 2,7% және нанның — 0,4% қымбаттауынан болды. Бидай ұнының бағасы, керісінше, 1,6%, макарон өнімдерінің бағасы — 0,8%-ке төмендеді.

Перейти к новостям спорта