Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 11 Шiлде 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz

Агенттіктің мәліметінше, 2011 жылғы қаңтар-маусымда 2010 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда көмір, табиғи газ, шикі мұнай және металл кендерін өндіру артты. Тамақ өнімдері, сусындар, құрылыс материалдары, машина жасау өнімдері, химия және металлургия өнеркәсібі өндірісі жоғарылаған. Сонымен қатар, өндірістің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды. Төмендеуі Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді. Атап айтқанда, 2011 жылғы қаңтар-маусымда өнімнің кейбір түрлерін өндіру бойынша мұнай, газ конденсатын қосқанда 40,3 млн. тоннаны құрап, өткен жылғы тиісті кезеңге 103,4 пайызға жетті. Ал табиғи газды өндіру есепті кезеңде 19,9 млрд. текше метрді құраса, бұл көрсеткіш өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 109,2 пайызды құраған. Ал елімізде ұн өндіру 1,7 млн. тоннаны құрады және бұл былтырға қарағанда 92,0 пайызға тең.

Соңғы жаңалықтар