Жарияланды: 330

Өнеркәсіптік өндірістің қарқыны бойынша Беларусь көш бастап келеді

2011 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Беларусь Республикасы ТМД елдерінің арасында өнеркәсіптік өсу қарқыны бойынша көш бастады.

Республиканың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12,9 пайызға өсіп отыр. ТМД-ның Мемлекетаралық статистикалық комитетінің ақпараты бойынша, екінші орынды - 8,5 пайыз көрсеткішпен - Украина, үшінші орынды - 6,4 пайыз өсіммен Армения иеленіп отыр. Қазақстан - 6,1 пайыз көрсеткішпен - төртінші орында. Әрі қарай 5,6 пайыз көрсеткішпен - Қырғызстан, 5,5 пайыз көрсеткішпен - Ресей, 3,9 пайыз көрсеткішпен Тәжікстан орналасқан. Ал Әзірбайжанда аталған кезеңде өнеркәсіптік өндіріс 0,9 пайызға құлдыраған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін