Оңбай нокуат алған Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты тың жаңалық айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңбай нокуат алған Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты тың жаңалық айтылды

Оңбай нокуат алған Айдос Ербосынұлының денсаулығына қатысты тың жаңалық айтылды

Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі жеңілісінен кейінгі жағдайы белгілі болды. 

  • 16 Қараша 2022
  • 59
Фото - Caravan.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жақсы жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан кейін терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.

АҚШ-тағы компания өкілінің айтуынша, оның денсаулығы жақсарған. Боксшы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Батырымызға қолдау көрсетейік», – деді компанияның баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.


Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы жас кубалық Давид Моррельге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды. Айдос Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді.