Өңірде спорт саласын дамыту үшін облыс бюджетінен 2 млрд. 228 млн. теңге бөлініп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өңірде спорт саласын дамыту үшін облыс бюджетінен 2 млрд. 228 млн. теңге бөлініп отыр

Өңірде спорт саласын дамыту үшін облыс бюджетінен 2 млрд. 228 млн. теңге бөлініп отыр

Батыс Қазақстан облысында спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшылардың кәсіби шеберлігін арттырып, жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету үшін облыс бюджетінен 2 млрд. 228 млн. теңге бөлініп отыр.

  • 15 Қыркүйек 2010
  • 589
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, бұл ретте облыс спортшыларының әлемдік додаларда ел намысын абыроймен қорғап, табыспен оралуына ерекше мән берілуде. Айталық, Қытайда өтетін 16-шы жазғы Азия ойындарына спорттың еркін күрес, садақ ату, академиялық есу, жеңіл атлетика, көгалдағы хоккей, шахмат, велоспорт, байдарка мен каноэдан қатысатын батысқазақстандық 18 спортшы 4-5 алтын медаль алады және 2011 жылы Астана, Алматы қалаларында өтетін VII қысқы Азия ойындарына шорт-трек, шаңғымен жүгіру, допты хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша 41 спортшы 2-4 алтынға қол жеткізеді деп жоспарланып отыр. Таяуда еркін күрестен Мәскеу қаласында өткізілген әлем біріншілігінде Абдулхаким Шапиев қола жүлдені еншіледі. Самбодан өтетін әлем чемпионатынан да батысқазақстандықтар олжалы оралады деген үміт бар.

Сондай-ақ облыс спортшылары 2012 жылғы Лондон олимпиадасына спорттың еркін күрес, садақ ату, велосипед спорты, жеңіл атлетика секілді түрлерінен 4-6 лицензия ұтып алу үшін аянбай тер төгіп жаттығуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера