Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді
![]() |
2012 жылғы қыркүйектегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 804 теңгені құрады. |
Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы қыркүйекке 108,6%, ал нақты жалақы индексі 103,4% құрады.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте бегіленді - 192,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 188,6 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде 166,4 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау қызметкерлерінде байқалды (61,6 мың теңге), бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 38,3%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - 181,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 70,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,4%-ға төмен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін