Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді

2012 жылғы қыркүйектегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 99 804 теңгені құрады.

  • 9 Қараша 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Атаулы жалақы индексі 2011 жылғы қыркүйекке 108,6%, ал нақты жалақы индексі 103,4% құрады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, салалық құрылымда ең үлкен жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте бегіленді — 192,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда — 188,6 мың теңге (1,9 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде 166,4 мың теңгеге (1,7 есе) белгіленді. Ең төменгі жалақы сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау қызметкерлерінде байқалды (61,6 мың теңге), бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 38,3%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында белгіленді — 181,5 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,8 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 70,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 29,4%-ға төмен.

Соңғы жаңалықтар