Жарияланды: 260

Өңірлерде экономикалық ынталандыру жолдарын қарастыратын болады

Үкімет жергілікті өңірлерде экономиканы ынталандыру жолдарын қарастыратын болады.

Бүгін ҚР Парламент Сенатында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті. Тоқтала кететін жәйт, 3 жылдық бюджетті талқылау барысында сенаторлар тарапынан жергілікті билік органдары бюджеттің салық салу базасын дамытуға жіті назар аудармайтындығы айтылған болатын. Депутаттардың сөзіне қарағанда, бұл үшін жауапкершілік жүктелмеген. Сондықтан кейбір өңірлер тек республикалық трансфердтердің бөлінетіндігін күтіп отырады. «Бүгінгі күні бюджет деңгейлері арасындағы салықты қайта бөлу ертерек деп ойлаймын. Бірақ, біз жергілікті өңірлерді, әкімдерді экономикалық ынталандыру жолдарын іздестіріп жатырмыз. Осыған байланысты Үкіметке, Қаржы және экономика министрлігіне бірқатар ұсыныстар түсті. Бұл ұсыныстарды арнайы заң жобасы аясында қарастыратын боламыз»,-деп жауап берді Үкімет басшысы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін