Өңірлерде ветеринарлық заңнаманың бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өңірлерде ветеринарлық заңнаманың бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі

Өңірлерде ветеринарлық заңнаманың бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерде ветеринарлық заңнаманың бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізеді.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 540
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ветеринария мәселелері жөніндегі селекторлық кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Біз Заңға («Ветеринария туралы») өзгертулер енгіздік. Оған сәйкес, мал иелері мемлекеттік органдардың міндеттеріне қатысты күдігі болған жағдайда өз қаржысы есебінен тексеру жүргізуге құқылы. Біз сәйкесінше өзгертуді ветеринарлық ережеге енгіздік», — деді ол.

Дегенмен, министрдің атап өтуінше, бұл ережелер әр уақытта да орындала бермейді. Осыған орай мал шаруашылығы басшылықтары тарапынан жиі шағым түсуде. Өйткені, өңірлердегі ветеринарлық органдар қайта тексеру жүргізуден бас тартуда. Сондықтан да кемшіліктерді, жемқорлық заңбұзушылықтарды анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіледі.

Қазақстан аусылды бақылау бойынша ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды жетістіктерге қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар