Жарияланды: 370

Өңірлердегі спорттық база заман талабына сай емес

Облыстардағы спорттық база заман талабына сай емес. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2017 жылы өтетін 28-ші қысқы Бүкіләлемдік универсиадаға дайындық бойынша баяндама жасау кезінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

«Универсиадаға дайындық аясында жергілікті атқарушы органдар мектептерді қажетті жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейту керек деп ойлаймын. Облыстардағы қазіргі спорттық база заман талабына сай емес,-деді министр. Б. Жұмағұловтың айтуынша, Қазақстанда 190 шаңғы базасы, 496 хоккей корты, 3 секіруге арналған трамплин, сондай-ақ 9 коньки стадионы бар. Бұдан бөлек мектептер балансында 20 мыңнан астам спорт ғимараты бар. Олардың 567-сі қысқы спорт түрлеріне арналған нысандар. Яғни, бұл көрсеткіш жалпы саннан 35 есеге аз болып отыр. «Осыған байланысты Серік Нығметұлы, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне инвесторларды тарта отырып, спорт ғимараттарын салу және мектептер мен колледждерді спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шара қабылдау туралы тапсырма беруіңізді сұраймын. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру клубтарын, мектептерде арнайы спорт клубтарын ашуды қарастыру қажет»,-деп атап өтті ведомство басшысы. Оның сөзіне қарағанда, бұл үшін аймақтарда мақсатты іс-шаралар жоспарын әзірлеу керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін