Өңірлердің 2005 жылдың қаңтар - қазанда әлеуметтік-экономикалық дамуы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өңірлердің 2005 жылдың қаңтар - қазанда әлеуметтік-экономикалық дамуы

Өңірлердің 2005 жылдың қаңтар - қазанда әлеуметтік-экономикалық дамуы

ҚР статистка жөніндегі агенттігі өңірлердің 2005 жылдың қаңтар - қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәліметтерді жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қараша 2005
  • 751
Фото - Caravan.kz

Өнеркәсіп. 2005 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда, Қызылорда, Қарағанды және Қостанай облыстарынан басқа (өндіріс көлемі тиісінше, 15,2%, 10,3% және 6%-ке төмендеген), Қазақстанның барлық өңірлерінде байқалды. Ең көп өсімге Батыс Қазақстан облысында (27%) қол жеткізілсе, ең аз өсім Шығыс Қазақстан облысында (0,9%) тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сондай-ақ Алматы (17,2%) мен Астана (9,3%) қалаларында және Ақмола (18,7%), Ақтөбе (9,9%), Оңтүстік Қазақстан (9,4%) облыстарында байқалды.

Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі 9 өңірде: Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Павлодар облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында асып түсті.
Ауыл шаруашылығы. Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша өткен жылғы тиісті күнмен салыстырғанда облыстар шаруашылықтарының барлық санаттарында тұтастай алғанда ірі қара мал, жылқы, қой мен ешкі саны өсті.
2005 жылғы қаңтар-қазанда 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ет өндіру көлемінің өсуі, Алматы қаласынан басқа, республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Өндіріс көлемінің ең жоғары өсімі Астана қаласында (33,3%) және Шығыс Қазақстан (8,8%), Оңтүстік Қазақстан (7,0%) Павлодар (5,6%) облыстарында қол жеткізілді. Алматы қаласында кемуі байқалады (12,5%).
2004 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда сүт өндірісінің өсуі Астана қаласынан басқа (көлемі 22,6% төмендеген) республиканың барлық өңірлерінде байқалды. Сүт өндірісі көлемінің аса жоғары өсімі Қостанай облысында (8,3%), ең аз өсімі Батыс Қазақстан облысында (0,7%) тіркелді. Салыстырмалы жоғары өсу қарқынына Маңғыстау (7,7%), Оңтүстік Қазақстан (6,2%) облыстарында және Алматы қаласында (6,6%) қол жеткізілді.
2005 жылғы қаңтар-қазанда 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жұмыртқа өндірісінің өсуі Қазақстанның 14 өңірінде байқалды. Аса жоғары өсу қарқыны Батыс Қазақстан (74,6%) және Солтүстік Қазақстан (29,4%) облыстарында тіркелді, ең азы — Шығыс Қазақстан облысында (2,1%) орын алды. Жұмыртқа өндірісінің көлемі Маңғыстау облысы мен Астана қаласында өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейде қалды.
Инвестициялар. 2005 жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар (жете бағалауды ескере отырып) 1614,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден 23,0% артық.
Инвестицияның өсуі республиканың 13 өңірінде байқалған. Аса көп өсуі Атырау (57,3%) мен Солтүстік Қазақстан (52,7%) облыстарында, ең аз өсуі — Қостанай облысында (1,8%) тіркелді. Өсімнің жоғары қарқыны сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан (39,1%), Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарында (тиісінше, 38,5%, 27,5%, 26,8% және 24,4%) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі Батыс Қазақстан облысында (28,1%), Жамбыл облысында (7%) және Алматы қалсында (4,3%) төмендеді.
2005 жылғы қаңтар-қазанда республиканың барлық өңірлерінде салынған тұрғын үйлер көлемі өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгейден асып түсті. Аса белсенді тұрғын үй құрылысы Ақтөбе мен Қостанай облыстарында жүргізіліп жатыр, онда 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда тұрғын үйлерді іске қосу көлемі 2,3 есе өскен, сондай-ақ өсім Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында (2 есе), Оңтүстік Қазақстан (77,5%) мен Жамбыл (71,8%) облыстарында байқалды.
Бөлшек сауда тауар айналымы. 2005 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1060,4 млрд. теңгені құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (салыстырмалы бағада) 12,1%-ға өсті. 2005 жылғы қаңтар-қазанда өңірлер бөлінісінде бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің аса жоғары өсімі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (салыстырмалы бағада) Жамбыл (30,3%-ға), Ақмола (22,7%-ға), Атырау (22,2%-ға), Қызылорда (17,6%-ға) облыстарында және Алматы (16,3%) мен Астана (14,3%) қалаларында байқалды. Бөлшек сауда тауар айналымы көлемінің ең аз өсімі Маңғыстау облысында (1,5%-ға) тіркелді.
Тұтыну бағасының индексі. 2005 жылғы қазанда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы өткен аймен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде өсті. Бағаның ең жоғары өсімі Ақмола (2,1%), Қызылорда (1,6%) және Павлодар (1,5%) облыстарында тіркелді.
2005 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер бағасының өсуі барлық өңірлерде байқалды.
Азық-түлік тауарларына ең жоғары баға Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында (1,1%) және Алматы қаласында (1%), азық-түлік емес тауарларға: Павлодар облысында (2,8%), Маңғыстау облысында (2,6%) және Алматы облысында (2,4%) тіркелді.
Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағалары мен тарифтеріне ең көп өсуі Ақмола (4,1%), Қызылорда (2,3%) және Павлодар (2%) облыстарында байқалды.
Халықтың ақшалай табысы. 2005 жылғы қыркүйекте Қазақстандағы халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы (бағалау бойынша) 16430 теңгені құрады. Атырау және Маңғыстау облыстары республиканың аса жоғары табысты өңірлері болып табылады, оларда табыс орташа республикалық деңгейден тиісінше 2,4 және 2,2 есе асқан. Астана және Алматы қалаларындағы халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының деңгейі орташа республикалық деңгейден тиісінше 2,2 және 1,9 есе асты. Халықтың жан басына шаққандағы ең төмен ақшалай табыс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындарында байқалды (тиісінше: орташа республикалық деңгейден 51,1%, 53% және 65,7%).
Еңбек рыногы. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 2005 жылғы қазанның соңына жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 102,2 мың адамды құрады. Ал олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі — 1,3%. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 10 облыста асып түскен. Жұмыссыздардың қомақты үлесі Павлодар облысында (2%), ең аз үлесі Алматы қаласында (0,8%) және Алматы облысында (0,8%).

Перейти к новостям спорта