"Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда

"Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда

Шымкент. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Оңтүстік" ӘКК Еуропаға 4 мың тоннаға жуық қауын жеткізуді жоспарлауда. Бұл туралы "Оңтүстік" ӘКК ҰК"АҚ басқармаларының төрағасы Асқар Мырзахметов өз баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Тамыз 2008
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан өнімдерін экспортқа шығару қажеттігін ескеріп, ағымдағы жылы Еуропаға 4 мың тонна қауын шығарылады. Ол үшін еуропалық стандарт талаптарына сай жабдықтар сатып алынды», -деді А. Мырзахметов.

Бүгінде 10 сервистік-дайындау орталықтары жұмыс істеуде. Олар республика бойынша 1 200 тонна жеміс пен көкөніс тасымалдады. Ағымдағы жылы жалпы 14 сервистік-дайындау орталықтарын құру жоспарланған.

«Өнімнің өзіндік құнының 60% -ын көлік шығындары құрайтындықтан, оны арзандату үшін біз транспорттық компания құрып, 23 жүк және шағын тоннажды автокөлік сатып алынып, БРК-лизинг компаниясынан тағы да 60 рефрижераторды 980,9 млн теңгеге сатып алуға келісім алдық», — деді А. Мырзахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар