Баспасөз хабарламасында «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті директорының нұсқауымен Өмірзақ Әмет 2007-жылдың 4 қаңтарынан бастап «Оңтүстік» арнаулы экономикалық аймақ дирекциясы» мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды»,-делінген.
2005 жылы АЭА құрылған сәттен бастап өткен жылдың қазан айына дейін басшылық қызметін Арман Жетпісбаев атқарған болатын. Ол қазір ОҚО әкімінің орынбасары.
Осыған дейін хабарланғандай, «Оңтүстік»АЭА құру туралы шешім 2005 жылы үкіметте қабылданған болатын. 200 га жерді алып жатқан АЭА аумағында иіру-тоқыма кәсіпорнын орналастыру жоспарланған. Соңғы уақытта ОҚО әкімі Өмірзақ Шүкеев арнаулы экономикалық аймақта басқа да кәсіпорындар ашу үшін көлемін ұлғайту қажеттігін айтуда. Атап айтқанда, АЭА аумағында технопарк орналастыру көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті