Оңтүстік астанада өткен ойында "Алма Ата" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік астанада өткен ойында "Алма Ата" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті

Оңтүстік астанада өткен ойында "Алма Ата" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті

АЛМАТЫ. 9 сәуір . Kazakhstan Today. Оңтүстік астанада өткен ойында " Алма Ата" командасы "Қайратты" 2:0 есебімен жеңді. Бұл жөнінде Қазақстан футбол Федерациясының (ҚФФ ) баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 667
Фото - Caravan.kz

ҚФФ баспасөз қызметінің мәліметінше, оңтүстік астананың орталық стадионында болған алматылық екі құраманың кездесуінде Дмитрий Бяков (2 минутта) және Марат Шахметов (89) қақпаға доп салды.

Сонымен қатар, жексенбі күні 8 сәуірде тағы Алма-TV Cуперлигасы клубтары арасында Қазақстанның футболдан 16 шы чемпионатының 7 ойыны болды. Сондай ақ Алматыда ҚазЭУ ойын алаңында өткен маусымның екінші және төртінші командалары — «Ақтөбе» және қарағандылық «Шахтер» құрамалары кездесіп, ойын (0:0 ) есебімен аяқталды.

Осы маусымда ел чемпионы «Астана» командасы алғашқы жеңісіне жетті. Шабуылшы Марат Сүймағамбетов 68 -ші минутта Атырау құрамасының қақпасына доп салып, есеп (1:0) болды.

Тағы бірі қызық ойын Павлодарда өтті. 7,5 мың көрерменнің алдында жергілікті «Ертіс» қостанайлық «Тобыл» құрамасымен күш сынасты. Алғашқы допты қақпаға қонақтар 78-ші минутта салды, Қазақстан құрамасының рекордсмені, жартылай қорғаушы Руслан Балтиев ерекше көзге түсті. Алайда қорғаушы Дмитрий Туренко қосымша уақытты ұтымды пайдаланып командасын тығырықтан алып шықты.

Дәл осындай есеп (1:1) Талдықорғанда болған «Жетісу» мен Павлодардың «Есіл-Богатырь» командаларының кездесуінде тіркелді. Алаң қожайыны Сергей Куцовтың (49 минутта ) соққан добына Игорь Швыдко (77 минутта) жауап берді.

Өскеменде болған ойында жергілікті «Восток» , Қазақстан құрамысындағы Арно Пайперстің көмекшілерінің бірі , голландтық Марко Брагонья жетекшілік ететін шымкенттік «Ордабасы » командасына (1:2) есебімен есе жіберіп алды. Сербиялық Драган Джурджевич (71) мен украиндық Андрей Нестерук (68) гол салып көзге түссе, «Восток» командасының капитаны Юрий Аксенов (76минутта пенальтиде) қарсыластарына бір доп соқты.

«Екібастұз» өз алаңында «Таразды» (2:0) есебімен ойсыратты. Бірінші таймда тараздықтарға Евгений Лунев (29 минутта), ал үзілістен кейін (76) Евгений Свешников қақпаға гол салды.

«Қайсар»-«Оқжетпес» ойынында есеп (0:0) болды. Үш турдан кейін турнир таблицасын жеті ұпайдан жинаған талдықорғандық «Жетісу» мен павлодарлық «Ертіс» командалары бастайды. Қарама қарсы жақта әлі бірде бір ұпай жинамаған «Атырау» командасы тұр, -деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті