Оңтүстік Азиялық парламентшілер Нью-Дели қаласында өткен халықаралық конференцияда ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Азиялық парламентшілер Нью-Дели қаласында өткен халықаралық конференцияда ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселесін талқылады

Оңтүстік Азиялық парламентшілер Нью-Дели қаласында өткен халықаралық конференцияда ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселесін талқылады

Нью-Дели қаласында өткен халықаралық конференцияда Оңтүстік Азиялық парламентшілер ВИЧ/СПИД-пен күрес мәселесін талқылады. Бас қосуға ҚР парламенті сенатының депутаты , парламентшілердің тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азиялық форумының төрағасы Бексұлтан Тұтқышев қатысты. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау басқармасынан таратқан хабарламада айтылған.

  • 4 Тамыз 2003
  • 669
Фото - Caravan.kz

Конференцияны парламентшілердің тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азиялық форумы мен Үндістан парламентшілерінің Қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бас қосу барысында аймақтағы ВИЧ/СПИДке қатысты ахуалға, оның алдын алуға және індетпен күреске қатысты кең көлемді пікір алмасылды. Аймақтағы тиісті мемлекеттік мекемелерге ұсынылатын нұсқаулар жобасы жасалды. Форумға қатысушыларды Үндістан президенті Абдул Калам қабылдады. Конференция соңында парламентшілердің тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азиялық форумы Атқару комитетінің 51-кездесуі болып өтті.
ҚР СІМ-нің хабарлауынша, бас қосу қорытындысы ВИЧ/СПИД-пен күресте бүкіл халықаралық қауымдастық болып тізе қосудың маңызын, мемлекеттік және бейресми деңгейде күш-жігер жұмсаудың қажеттігін тағы бір дәлелдеп берді.

Соңғы жаңалықтар