Оңтүстік кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры мен "Шах-Дениз" жобасына 3,2 млрд. доллар инвестиция салынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры мен "Шах-Дениз" жобасына 3,2 млрд. доллар инвестиция салынбақ

Оңтүстік кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры мен "Шах-Дениз" жобасына 3,2 млрд. доллар инвестиция салынбақ

Шах-Дениз теңіздегі газ конденсаты кенішін игеру жөніндегі "Стадия-1" жобасы мен Оңтүстік Кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры жобасына 3,2 млрд. доллар инвестиция салынады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжан Мемлекеттік мұнай компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2003
  • 523
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде Шах-Дениз кенішін игеруге 2,3 млрд. доллар, 690 шақырымдық Оңтүстік Кавказ экспорттық көгілдір отын құбыры жобасына 900 млн. доллар жұмсау көзделіп отыр. Көгілдір отын құбырымен Әзербайжан газы Грузия арқылы Түрік шекарасына дейін тасымалданады. Көгілдір отын тасымалдау жұмысы 2006-жылы басталады.

Шах-Дениз кенішінің болжамдық газ қоры 2 триллион текше метр деп бағалануда.
Жоба акционерлері — ВР (25,5%), Statoil (25,5%), ГНКАР (10%), TotalFinaElf (10%), LUKAgip (10%), OIEC (10%), ТРАО (9%).