Оңтүстік Корея болашақтың суперқаласын салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея болашақтың суперқаласын салмақ

Оңтүстік Корея болашақтың суперқаласын салмақ

Болашақтың суперқаласы Оңтүстік Кореядағы Инчхон портты қалада салынбақ. Оны жасаушылар әлемдегі ең ірі туристік жобаны жүзеге асыруға ниеттеніп, Лас-Вегас пен Макаоны шаң қаптырмақ, деп хабарлады Лента.ру.

  • 12 Қараша 2012
  • 589
Фото - Caravan.kz

Оның құны 300 млрд. долларға жуық қаржыны құрайды. Әзірге жобаның шарты атауы — 8City. «Туризм қаласының» аумағы 80 шаршы шақырымға жуықтайтын болады. Салыстыратын болмақ, қытайлық Макаоның аумағы — 28 шаршы шақырым. Жобаны жергілікті және шетелдік инвесторлар қаржыландырады. Олардың бірқатарының атауы да белгілі болды — «люкс» қонақүйлер операторы Kempinski AG, Korean Air Lines Co авиакомпаниясы және Daewoo Engineering & Construction Co құрылыс компаниясы.

Ойын-сауық астанасының құрылысы 2013 жылы басталмақ. 2030 жылға дейін сауда орталықтары, ойынханалар, қонақүйлер, яхта тұрақтары, «Формула 1» үшін жарыс жолы, аквапарк, 50 мың орындық концерт залы және басқа да ойын-сауық орындары мен туристердің демалатын нысандары салынатын болады.

Жобаланған ойын-сауық кешендері оны Оңтүстік Кореяның ғана емес, Қытай мен Жапонияның да, ал бара-бара бүкіл әлемнің туризм астанасына айналдырмақ. Әсіресе, Қытай туристерін тартуға күш салынатын болады, жоба атауына 8 санының қосылуы да бекер емес, қытайлардың ырымы бойынша бұл сан сәттілік әкелетін көрінеді. Ойынхана-қаласы сегіздік түрінде салынбақ.

Бастапқы кезде жылына 130 млн.турист тарту жоспарлануда. Бұл өршіл идеяның қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар