Дауыс берулер жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-да басталды, деп хабарлады РБК.
Мемлекет басшысы лауазымына 6 кандидат таласуда, дегенмен, негізгі бақталас «Сэнури» басқарушы партиясының өкілі Пак Кын Хе ханым мен либералды Біріккен демократиялық партиясынан қатысып отырған кандидат Мун Чжэ Ин арасында болмақ.
Сауалнамаға қарағанда, екі үміткер де бірдей келе жатыр. Егер сайлауда Пак Кын Хе жеңіске жетсе, онда ол ел тарихындағы алғашқы әйел президент болады.
Сайлау мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша бір кезеңмен өтуде.
Қазіргі президент Ли Мен Бактың өкілеттік мерзімі 2013 жылдың ақпан айында аяқталады.