Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды

Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды

Алматыда 2015 Korea  Kazakhstan New Silk Road Plaza бизнес форумы өтті. Форумда қос елдің бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

  • 25 Қараша 2015
  • 716
Фото - Caravan.kz

Жиынға 25 оңтүстіккореялық компания мен 40 қазақстандық компания өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бизнес форумды өткізу арқылы күрделі экономикалық ахуал жағдайында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың басқа да қырларын ашу көзделген.

«Әлемдік экономика күрделі жағдайда тұр. Ол қиындықтан Корея мен Қазақстан да тыс қала алмайды. Қазір екі елдің де алдында тұрған мақсат экономикалық ықпалдастықтың баяулауына жол бермеу. Өткен жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кореяға жұмыс сапарымен келді. Сол кезде экономикалық форум өтті. Онда да осы мәселелер талқыланып, форум аясында бірқатар келісімдер мен контрактілерге қол жеткізілді. Осы жолы келер жылға қандай салада ықпалдастықты дамытуды ойластыру үшін келдік», — деді «Kotra» сауданы дамыту агенттігінің коммерциялық атташесі Джонг Уэ Ёнг.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 60 кореялық компания, Корея капиталымен 30 компания жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ, Корея компанияларының өкілдіктері, зауыттары ашылған.


2014 жылы Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасына 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған. Биыл ол көрсеткіш сәл азайды.

Оңтүстік Кореялық бизнес Қазақстанда құрылыс, сәулет саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр.
nullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар