29 жастағы қазақстандық арудың денесі Оңтүстік Кореядан табылды, деп хабарлайды Today.kz ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашовқа сілтеме жасап.
«Қалалық полициядан алынған ақпаратқа сәйкес, ол ваннада асылып қалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның туыстарына барлық консулдық және құқықтық көмек көрсетеді», — деді Алмашов.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, марқұм Орал қаласының тумасы деседі.