Оңтүстік Кореяда Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды

Оңтүстік Кореяда Денис Тенді еске алу көрмесі ашылды

 

  • 8 Қараша 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Онда мәнерлеп сырғанаушының сирек фотосуреттері мен жеке заттары қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ жұрт назарына спортшының шығармашылық туындылары ұсынылды.

Денис Теннің әндері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының көп қырлы талант екенін еске салады. Ол спортшы, фотограф, ақын, музыкант әрі бауырмал. Денис Тен Қазақстан мен оңтүстіккореялықтар үшін осындай қырларымен есте қалды.

Ким Сан Ук, тілші:

— Мен Денисті бала кезінен білемін. Оның мұз үстіндегі алғашқы қадамдарын көрдім. Ол Алматыда кішкентай балаларға сабақ бергенде «мына жігіт мәнерлеп сырғанау жұлдызына айналады» деп ойладым.

Бүгінде ел Денисті дипломат деп атайды. Қазақстан мен Корея арасындағы жоғары денгейдегі келіссөздерде әркез Теннің есімі аталады.

Бақыт Дүйсенбаев, Қазақстанның Корея республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

— Спорт арқылы, өзінің спорттық жетістіктері арқылы ол Қазақстанды әлемнің басқа елдерімен, оның ішінде, әсіресе Корея Республикасымен біріктірді. Денистің құрметіне арналған көрмеге Оңтүстік Кореяның ең әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары келді.

Ким Ён А, 2010 ж. Олимпиада ойындарының чемпионы:


— Ол мәнерлеп сырғанаудың батыры. Ол Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның атын шығаруды мақсат тұтты. Біз мұндай бірегей спортшыны ешқашан ұмытпаймыз.

Чой Да Бин, Азия ойындарының чемпионы:

— Дениспен алғаш рет мені мұзды шоуға шақырған кезде кездестім. Денис айналасындағылардың бәріне қамқор болған жан. Оны есіме алсам, қимастық сезім билейді. Мәнерлеп сырғанаушының еселі еңбегін анасы ұмыттырмақ емес. Денис Тен қоры бір жыл ішінде оның өлеңдер жинағын шығарып, еске алу турнирін өткізді.

Оксана Тен, Денис Теннің анасы:

— Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Яғни, біз балалардың жаттығу процесіне көмектесіп жақсы жаттықтырушыларға жібереміз.

Бұл суретте Денис бабасы генерал Мин Ген Хо қабірінің жанында. Ол Кореяның тәуелсіздігі үшін күресіп, 1908 жылы қайтыс болды. Бір ғасыр өткен соң оның ұрпағы Денис Тен Қазақстанның батыры атанды. Дипломаттар оның есімі ондаған жылдар бойы Қазақстан – Корея қатынастарын нығайтуына әсер етеді деп сенеді.
 

Соңғы жаңалықтар