Оңтүстік Кореяда коронавирустың қауіпті штаммы тарап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда коронавирустың қауіпті штаммы тарап жатыр

Оңтүстік Кореяда коронавирустың қауіпті штаммы тарап жатыр

Оңтүстік Кореяда COVID-19-дан әлдеқайда жылдам әрі одан да жұқпалы GH коронавирус штаммы тарап жатыр.

  • 7 Шiлде 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Кореядағы ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығы (KCDC) ұйымы хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, мамыр айының басында Корея карантиндік шаралардың жеңілдеген режиміне көшті, бірақ содан кейін билікке вирустың жаңа ошақтары пайда болуына байланысты қауіпсіздік ережелерін қайтадан күшейтуге тура келді.

Осылайша, мамыр айының басынан бері коронавирустың 270-тен аса жағдайы тіркелген. Ол Сеулдегі Итхэвон ойын-сауық ауданының түнгі клубтары мен барларында вирустың таралуымен байланысты болды.

Ғалымдардың сөзіне сенсек, COVID-19 ДДҰ басқаратын GISAID вирустары геномдарының деректер базасына сәйкес S, V, L, G, GH, GR және O деген жеті штаммға бөлінеді.


Бастапқыда елде Қытайдың S штаммы таралған болатын, содан кейін елдегі барлық аурудыңың жартысын құрайтын Синчхончжаның сектанттарынан табылған V-ге мутацияланды. Алайда сәуір-мамырдан бастап Оңтүстік Кореяда негізінен шетелден әкелінген G штаммымен және оның GR және GH кіші топтарымен жұқтыру жағдайлары тіркеле бастаған екен.

S штамм мутациясы болып табылатын GH штаммы, коронавирустың басқа түрлеріне қарағанда алты есе жылдам таралады деп саналады.

Соңғы жаңалықтар