Оңтүстік Кореяда ұлттық өнер түрлеріне арналған деректі фильмдер фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяда ұлттық өнер түрлеріне арналған деректі фильмдер фестивалі өтеді

Оңтүстік Кореяда ұлттық өнер түрлеріне арналған деректі фильмдер фестивалі өтеді

Оңтүстік Кореяда 2012 жылдың мамыр айында ұлттық өнер түрлеріне арналған деректі фильмдер фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар үміткерлердің сценарийін іріктеп, оған қатысатын деректі фильмдердің түсіру жұмысын өздері қаржыландырмақ.

  • 29 Маусым 2011
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Бұл жақында Оңтүстік Кореяда өткен режиссерлар мен сценаристердің 10 күндік халықаралық семинарында мәлім болды. Онда кәрістер Азиядағы өзіне тамырлас, экономикалық-мәдени жағынан жақын елдердің өкілдерін шақырған болатын. Семинар кезінде олар өздерінің ұлттық дәстүрімен таныстырып, сол бойынша өзге елдерден келген режиссерлар түрлі фильмдер жасады. Оны бәріміз өзара талқылап, пікір алмастық. Бұл бір жағынан біздің қабілетімізді, дүниетанымызды байқау болды», — дейді «Дүниежарық» фильмнің режиссері Жәнібек Жетіру. Оның айтуынша, бұл шараның басты мақсаты әр елде халықтық деңгейде көрсетілетін өнер түрлеріне байланысты фильмдер жасап, келесі жылы арнайы фестиваль ұйымдастыруға әзірлік болды.

«Семинардың қорытындысы бойынша олар алдағы жылы өткізілгелі отырған фестивалге ұсынатын деректі фильмдердің сценарийлеріне байқау жариялады. Оған мен Қазақстандағы жыраулық өнер туралы сценарийімді ұсынып отырмын. Қазір олар үміткерлердің шығармаларын сараптамадан өткізіп жатыр. Алдағы уақытта өздері іріктеп алған сценарийлер бойынша фильмдер түсіру үшін қаржы бөлу туралы шешім шығарады», — дейді Ж.Жетіру.

Соңғы жаңалықтар