Оңтүстік Кореяға жасайтын ресми сапары аясында Елбасы Қазақстан-Корей бірлескен бизнес-форумына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяға жасайтын ресми сапары аясында Елбасы Қазақстан-Корей бірлескен бизнес-форумына қатысады

Оңтүстік Кореяға жасайтын ресми сапары аясында Елбасы Қазақстан-Корей бірлескен бизнес-форумына қатысады

12-14-қараша күндері Оңтүстік Корея республикасына жасайтын ресми сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - сіздің сауда-инвестициялық әріптесіңіз" деген тақырыптағы Қазақстан-Корей біріккен бизнес-форумына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазинвест компаниясынан хабарлады.

  • 13 Қараша 2003
  • 511
Фото - Caravan.kz

Форумда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов «Қазақстанның экономикалық әлеуеті» деген тақырыпта, ал ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков «Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық» деген тақырыпта баяндама жасайды деп жоспарланған. Форум соңында екі ел кәсіпкерлерінің арасында екі жақты келіссөздер жүргізіледі.

Форумға Қазақстандық кәсіпкерлер атынан Қазкоммерцбанк, Қазақмыс, Астана-финанс, Астана-моторс, Сайман, Химфарм, Сулпак электроникс компанияларының басшылары қатысуда.
Кәсіпкерлік бас қосуды ҚР индустрия және сауда министрлігінің инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы Корея өнеркәсіпшілерінің қауымдастығымен бірлесе отырып, Оңтүстік Корея республикасындағы Қазақстан елшілігінің ресми қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан мен Корея арасындағы сауда-саттық көлемі 247 млн. долларға жетіп, екі жақты қарым-қатынастар орнағалы 10 жылда биыл алғаш рет ең жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар