Сапар Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның әскери мекемелері арасындағы екі жақты ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. 23-желтоқсанда өкілдерді ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қабылдады. Кездесуде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, екі жақты әскери ынтымақтастық проблемалары талқыланды. Оңтүстік Кореяның әскери өкілдері еліміздің Әскери-теңіз күштеріне қолдау көрсетуге, әскери мамандар дайындау, Қорғаныс министрлігінің әскери шет тілдер институтын жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қол ұшын беруге әзірлік танытты. Сондай-ақ, Кореялық әскерилер «Қазбат» бітімгершілік батальонының тәжірибесіне, Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-теңіз институтының іс-қызметіне қызығушылық танытты.