Оңтүстік Кореяның әскери өкілдері елімізде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяның әскери өкілдері елімізде болды

Оңтүстік Кореяның әскери өкілдері елімізде болды

20-24-желтоқсанда Оңтүстік Корея ұлттық қорғаныс министрлігінің әскери өкілдері елімізде болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 495
Фото - Caravan.kz

Сапар Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның әскери мекемелері арасындағы екі жақты ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды. 23-желтоқсанда өкілдерді ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев қабылдады. Кездесуде халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, екі жақты әскери ынтымақтастық проблемалары талқыланды. Оңтүстік Кореяның әскери өкілдері еліміздің Әскери-теңіз күштеріне қолдау көрсетуге, әскери мамандар дайындау, Қорғаныс министрлігінің әскери шет тілдер институтын жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша қол ұшын беруге әзірлік танытты. Сондай-ақ, Кореялық әскерилер «Қазбат» бітімгершілік батальонының тәжірибесіне, Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-теңіз институтының іс-қызметіне қызығушылық танытты.

Соңғы жаңалықтар