Оңтүстік Кореяның үкімет басшысы жемқорлыққа қатысты даудан кейін отставкаға кету туралы өтініш білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяның үкімет басшысы жемқорлыққа қатысты даудан кейін отставкаға кету туралы өтініш білдірді

Оңтүстік Кореяның үкімет басшысы жемқорлыққа қатысты даудан кейін отставкаға кету туралы өтініш білдірді

Жоғары лауазымды шенеуніктерге пара бергенін айтып, өзіне қол жұмсаған кәсіпкердің өлімінен кейін Оңтүстік Корея премьер-министрі Ли Ван Гу отставкаға кету туралы өтініш білдірді, деп хабарлады «ВВС» агентті. 

  • 21 Сәуiр 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Ренхап агенттігінің хабарлауынша, Ли өтінішін ел президенті Пак Кын Хе атына жолдаған. Алайда, Үкімет басшысының отставкасы туралы шешім қабылданған жоқ. Ли Ван Гу өзінің пара алмағанын мәлімдеді.

Пак оқиғаға кінәлілерді жазалауға уәде берді. Ол бұған дейін билік органдарында сыбайлас жемқорлықпен күресетінін айтқан.

Кәріс кәсіпкері Сун Ван Чон тамыз айының басында асылып өлді. Өзіне қол жұмсардың алдында ол елдегі жоғары билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы сұхбат берген.


Кәсіпкердің қалтасынан президентке жақын бірнеше саясаткердің есімі және олардың Суннан пара ретінде алған ақша сомалары жазылған хат табылды. Тізімде 27 мың долларға жуық пара алған премьердің де есімі бар делінген алдын ала белгілі болған ақпаратта.