"Біздің басшылығымыз Ресей Грузиямен соғыс жағдайында тұрған жоқ деп бірнеше рет мәлімдеді. Біз грузин халқымен жауласпаймыз. Осындай шиеленістің ушығуына себеп болған грузин басшылығының қадамдарын Ресей басшылығы айыптайды", - деп мәлімдеді В. Спринчан. Ресей аумағында бір миллионға жуық грузин тұратыны белгілі. Бұл Ресей қоғамының лайықты құрамдас бөлігі. Грузин халқының арасында да Ресей халқына деген қандай да бір жаулық сезім жоқ екендігінде күмән жоқ", - деп есептейді ол.
"Өкінішке орай, мұның барлығы қазіргі Грузия президентінің ойламсыз, мүмкін, әдейі жасалған, алайда, бірнеше қадам алға қарай ақылға салынып таразыланбаған әрекеттерінен туындады", - деді елшілік өкілі.