Жарияланды: 640

Оңтүстік полюске алғашқы қазақстандық экспедиция қараша айында басталады

Оңтүстік полюске алғашқы қазақстандық экспедиция 2011 жылдың қараша айында басталады, деп хабарлады экспедицияның жетекшісі Нұрлан Абуллов.

«Оңтүстік полюске алғашқы қазақстандық экспедиция 25 қарашада Антарктидадағы «Новолазаревская» станциясынан басталады. Экспедицияға қатысушылар 16 желтоқсанда Оңтүстік полюсте Қазақстанның туын ілуді жоспарлап отыр», - деп мәлім етті «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық ұйымының (ҚазГео) басшысы Н. Абдуллов сейсенбі күні баспасөз мәслихатында. Оның ақпараты бойынша, экспедиция Антарктикаға Астанадан аттанады, ұшу сапарын «қазақстандық әуе желілері орындайды». Экспедиция басшысы әуе көлігін беретін әуе компаниясын атаған жоқ. «Қазақстандықтар полюсте республиканың жалауы ілінгені туралы естіп білуі үшін Оңтүстік полюстің нүктесінен тікелей радиохабар беріледі. Астанаға 23 желтоқсанда оралуды жоспарлап отырмыз», - деді ол. «Экспедицияның құрамында барлығы 8-10 адам болады, бұл - геологтар, географтар және химиктер. Біздің мақсатымыз – Оңтүстік полюстегі қар мен мұзды бөтен заттардың бар-жоқтығы бойынша зерттеу», - деді Н.Абдуллов. Оның мәліметтеріне сәйкес, экспедиция мүшелері «Новолазаревская» полярлық станциясынан Toyota маркалы көліктерімен аттанады. «2010 жылы қазақстандықтар Константин Орлов пен Станислав Макаренко ресейлік автоэкспедицияның құрамында полюске сапар шеккенде джип көліктер сенімді екенін көрсетті», - деп нақтылады ҚазГео. Сондай-ақ, ол бұл бастаманы Астана әкімдігі де қолдап отырғанын айтты, өйткені «биыл тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл болады». «ҚазГеоның қамқоршылар кеңесі бар, ол қаржы жинаумен айналысады (антарктикалық автоэкспедицияға - КазТАГ), бізге отандық бизнесмендер қолдау көрсетіп отыр», - деді Н. Абдуллов. ҚазГео қоғамы 2010 жылы география және салалас ғылымдарды дамыту мақсатымен құрылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін