Жарияланды: 640

Оңтүстік полюсте тігілген «Нұр Отан» партиясының туы отанға оралды

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік полюсте болған қазақстандық экспедиция мүшелерімен кездесті.

Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП баспасөз қызметі хабарлады. Саяхатшылар «Нұр Отанға» құр қол келген жоқ. Олар экспедицияның бір жылдығына және ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше тарту жасамақшы болды. Мемлекет басшысының атына жазылған ілтипат жазбасы түсірілген экспедицияның эпизодтары бейнеленген картина-коллаж және Жер шарының Оңтүстік шарының географиялық координаттары түсірілген бедерлі көшірме мен Оңтүстік полюсқа тігілген «Нұр Отанның» Туын тапсырмақ. Осыдан бір жыл бұрын Жер шарының оңтүстік полюсіне Қазақстанның мемлекеттік Туы мен «Нұр Отанның» байрағы тігілді. Осынау құрметті рәсімді Оңтүстік полюске біздің елімізден тұңғыш рет жол ашқан автомобиль экспедициясы Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығының құрметіне және Жер шарының Оңтүстік полюсінің ашылғанына 100 жыл толуына орай атқарды. Кездесу кезінде Бақытжан Сағынтаев минус 50 градус аяз құрсаған оңтүстік полюсте саяхат қалай өткеніне ынта білдірді. Экспедиция мүшелері қар құрсанған осынау өңірдің табиғаты мен ауа райы және экологиясы туралы алдын ала көптеген мәліметтерге қанықты. Олар бұрын-соңды жолы түспеген бейтаныс жері болса да, тайсалған жоқ. Жалын-жігер мен намыс, өр қайраты биік жандар тәуекелге бел буды. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақ География қауымдастығы осылайша, қазақстандықтардың аяғы жетпейтін, ақылы мен білімі алмайтын асу жоқ екеніне тағы да бір рет көптің көзін жеткізуді мақсат етті. Партия төрағасының бірінші орынбасары экспедиция еліміз дамуына өз үлестерін қосқанын атап өтті. Кездесуге қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның табыстары мен жетістіктері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екенін атап көрсетті. Бүгінде қазақстандықтардың өз елін қалайда мақтан етуіне болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін