Оңтүстік Қазақстан облыстық әйел тұрғындардың 70 проценті еркектердің материалдық ахуалының нашарлығы әйелдерді кемсітуге апарып соғады деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 526.81
  • 542.72
-13 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік  Қазақстан облыстық әйел тұрғындардың 70 проценті еркектердің материалдық ахуалының нашарлығы әйелдерді кемсітуге апарып соғады деп санайды

Оңтүстік Қазақстан облыстық әйел тұрғындардың 70 проценті еркектердің материалдық ахуалының нашарлығы әйелдерді кемсітуге апарып соғады деп санайды

"Зорлық-зомбылықсыз өмір" шарасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында "Әйелдерге жәбір көрсету " деген тақырыпта социологиялық зерттеулер жүргізілді. Сауалнамаға Шымкент, Кентау, Түркістан және Сайрам ауданынан 600-ден астам әйел қатысқан. Зерттеулер қорытындысы туралы KZ-today тілшісіне отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссиясынан хабарлады.

  • 27 Қараша 2003
  • 962
Фото - Caravan.kz

Сауалнама қорытындысы бойынша, әйелдердің 32 проценті отбасылық қарым-қатынастардағы зорлық-зомбылық проблемасы өзекті деп санайды. Ал олардың 21,1 проценті қоғамдағы әйелдерді кемсіту ғасырлық дәстүр, жалпы нормаға айналғандықтан тек отбасында ғана емес бүкіл қоғамда белең алған құбылыс деген пікірде. Сауалнамаға қатысқандардың 9,8 процентінің пайымдауынша, ұлттық қоғамда еркек-отағасы деген пайым дәстүрге айналғандықтан, әйелдерді кемсіту тек отбасылық қарым-қатынастарда ғана көрініс береді. Сауалнамаға қатысушылардың 9,5 проценті ғана жыныстық сипатқа қарай кемсіту көрінісінің кәсіптік салада белең алғанын атап көрсеткен.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық» терминін сауалнамаға қатысушы әйелдердің 30,7 проценті күш қолдану, 18,9 проценті мәжбүрлеу, 13,2 проценті қорқытып-үркіту, 10,2 проценті қаржылық тұрғыдан шектеу деп ұғынады.
Әйелдерді кемсітудің Оңтүстік Қазақстан облысында белең алған түрлері, респонденттердің пікірінше, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық (37 процент) , қасақана қорлау, күлкіге қалдыру, балағаттау түріндегі моральдық кемсітушілік (17,6 процент), әйелдер еңбегін бірдей бағаламау, кәсіптік өсуіне кедергі келтіру, кәсіптік дайындықты талап етпейтін қара жұмыс түрлеріне жегу тәрізді экономикалық дискриминация (15,9 процент), жыныстық жәбірлеу (14,6 процент), тонау, ұрып-соғу, қарақшылық шабуыл тәрізді тікелей зорлық-зомбылық (13,7 процент) болмақ.
Респонденттердің 62,3 процентінің пікірінше, әйелдерді кемсітуге түрткі болып отырған басты себеп — еркектердің өз материалдық жағдайына көңілі толмаушылығы мен жұмыссыздық проблемалары деп санайды.
Сауалнамаға қатысушылардың 48,5 процентінің пікірінше, отбасындағы экономикалық ахуалдың нашарлауы отбасындағы маскүнемдік секілді девиантты факторлардың өсуіне әсер етуде. Олардың 27 проценті жалпы қоғамдағы маскүнемдік деңгейінің артуымен байланыстырады.
26,3 процентінің пікірінше, есірткіге тәуелді адамдар санының артуы әйелдерге қатысты тұрмыстық және жыныстық жәбірлеушіліктің артауына ықпал етуде.
Ал сауалнамаға қатысушылардың 25,7 проценті кемсітушіліктің түп-тамырын қызғаншақтық, діни көзқарас және отбасындағы опасыздық тәрізді жеке бастық сипаттағы себептермен байланыстырады.