Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік терминалдар арқылы Қазақстан ұнын жариялы түрде Өзбекстанға шығару ауқымы 16 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік терминалдар арқылы Қазақстан ұнын жариялы түрде Өзбекстанға шығару ауқымы 16 есе өсті

Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік терминалдар арқылы Қазақстан ұнын жариялы түрде Өзбекстанға шығару ауқымы 16 есе өсті

Оңтүстік Қазақстан облыстық кедендік терминалдар арқылы Қазақстан ұнын жариялы түрде Өзбекстанға шығару ауқымы 16 есе өсті. Бұл туралы облыстық кедендік басқармасының бастығы Ұлықбек Жаңабаев хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2003
  • 425
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың 8 айында кеденшілер 12,5 млн. теңгенің 111,5 тонна ұнын рәсімдеген. Бұл көрсеткіштерді Ұлықбек Жаңабаев Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы тексерулердің күшеюімен байланыстырады. Атап айтсақ, кеденшілер мен шекарашылардан құралған мобильді топ тұрақты бекеттер жұмыс істемейтін шеткері жолдарға тосқауылдар қоюда.

Сондай-ақ, 200 килоға дейінгі аз мөлшердегі ұн партиясын кедендік рәсімдеу ережесінің тәртібі өзгеруі ұн экспорттау көлемін легализациялауға түрткі болған. Ендігі жерде осындай аз көлемдегі ұн экспорттауда тек кедендік -кіріс ордері ғана толтырылады.
Алдағы уақытта ҰҚК кедендік басқармасы департаментінің, қаржылық полициясы департаментінің, №2020 әскери-шекаралық бөлімінің , облыстық ІІББ-ның, ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің аумақтық басқармасының және «ҚазАгроЭкс» ЖАҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшылары арасында өзара ынтымақтастық жоспарына қол қою межеленіп отыр.
Жоспарда мемлекеттік шекара арқылы өтетін тауар ағынына қойылатын бақылауды күшейтуге жағдай жасау үшін өзара ынтымақтастық және ақпарат алмасу жүйесін қалыптастыру көзделген.

Соңғы жаңалықтар