Оңтүстік Қазақстан Облыстық кеденшілер жасанды 3 мың АҚШ долларының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан Облыстық кеденшілер жасанды 3 мың АҚШ долларының жолын кесті

Оңтүстік Қазақстан Облыстық кеденшілер жасанды 3 мың АҚШ долларының жолын кесті

Оңтүстік Қазақстан Облыстық бас кеден басқармасының қызметкерлері Қазақстан аумағына жасанды АҚШ долларларын алып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы контрабандамен күрес жөніндегі бөлім бастығы Хамид Ахметов KZ-today тілшісіне хабарлады.

39 жастағы Өзбекстан азаматы 14-шілдеге қараған түнде Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақ-Өзбек шекарасына таяу жердегі Нұрлыбаев ауылында ұсталған. Қолында құжаттары жоқ адамның қойнынан 3 мың жасанды АҚШ доллары оралған бума табылды.
Тұтқынның айтуынша, банкноттарды ол Жызақ облысы Гагарин қаласында бейтаныс жігіттен алған. Ол сондай-ақ, ақшаның жасанды екенін білетінін, әрі оны сатуға ниеттенбегенін жеткізді.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің «Жасанды ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе сату» жөніндегі 206-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар