Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясы Өзбекстанның 29 азаматын елден шығарып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясы Өзбекстанның 29 азаматын елден шығарып жіберді

Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясы Өзбекстанның 29 азаматын елден шығарып жіберді

Бүгін, 22-шілдеде Шымкент көші-қон полициясының қызметкерлері облыс орталығында заңсыз тұрып жатқан Өзбекстанның 29 азаматын елден шығарып жіберді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2005
  • 733
Фото - Caravan.kz

Заңсыз мигранттар Шымкент орталығындағы рейд барысында ұсталды. Олардың басым бөлігі әйелдер мен балалар. Олар облыс орталығында қайыршылықпен шұғылданған.

Қолдарында тіркелу туралы құжаттары да, уақытша тұратын мекен-жайы туралы ақпарат та болмай шықты. Сол себепті олардың бәрі де шекаралық Жібек жолы бекетіне жеткізілді. Одан әрі мигранттар Өзбекстанның Кашкадарья және Самарканд облыстарына жеткізіледі.
Жалпы жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңын бұзған 3 мыңдай шетел азаматтары ұсталды.

Перейти к новостям спорта