Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысында тамыздың 26 мен 29-жұлдызы аралығында «Құқық пен тәртіп» шарасының аясында көші-қон заңын бұған шетелдіктерді анықтауға бағытталған шұғыл шаралар ұйымдастырылды. Операция нәтижесіне сәйкес, үш күнде жақын шетелдерден келген 700 адамның облыс аумағында заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталды. Олардың бәрі де ел аумағынан қудаланатын болды.
Сонымен бірге Түркістан қаласындағы шара барысында Өзбекстанның екі азаматы көші-қон полициясына арызданды. Олардың айтуынша, 36 жастағы Түркістан тұрғыны оларды жұмыс тауып беремін деп шақырып алып, қалаға келген соң құжаттарын заңсыз алып кеткен. Қазір кәсіпкердің аты-жөні анықталып жатыр.
Заңсыз көші-қон бөлімінің бастығы Бауыржан Елеусізовтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, 2005-жылдың басынан бері көші-қон полициясының қызметкерлері көші-қон заңын бұзған 3196 адамды ұстады.