Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясы 84 тонна мақта тұқымын тонаған қылмыстық топты құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясы 84 тонна мақта тұқымын тонаған қылмыстық топты құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облыстық полициясы 84 тонна мақта тұқымын тонаған қылмыстық топты құрықтады

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясының қызметкерлері 84 тонна мақта тұқымын тонаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz

Жол полициясының қызметкерлері рейд шараларының барысында Шымкенттен бірнеше шақырым жерде тұқым тиеген үш ауыр жүк автокөліктерін тоқтатты. Жүргізушілерде жүктің құжаттары болмай шыққан. Шұғыл шаралардың нәтижесінде тұқымдардың «Шымкентмай» АҚ кәсіпорнынан қолды болғаны анықталды. Шығын көлемі 1 млн. теңгені құрап отыр. Тонаушылық оқиғаға кәсіпорын қызметкерлерінің қатысы бар болып шақты.

Тәртіп сақшылары тергеу материалдарын қаржы полициясының қызметкерлеріне өткеріп берді.

Перейти к новостям спорта