Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы пара алу үстінде қолға түскен аудандық сот төрешісінің үстінен қылмыстық іс қозғады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы пара алу үстінде қолға түскен аудандық сот төрешісінің үстінен қылмыстық іс қозғады

Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы пара алу үстінде қолға түскен аудандық сот төрешісінің үстінен қылмыстық іс қозғады

ШЫМКЕНТ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы қызметкерлері пара алған аудандық сот төрешісінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде журналистерге Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Дәурен Тұрғынбай хабарлады.

  • 3 Тамыз 2006
  • 461
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа қарағанда, Сарыағаш ауданының сот төрешісі азаматтық шағым бойынша 30 мың теңгеге оң шешім шығарып бермек болған. Полиция қызметкерлері судьяны өзінің жеке кабинетінде пара алып жатқан жерінде ұстады.

Д.Тұрғынбайдың хабарлауынша, төреші бірнеше бап бойынша айыпталуда. «Пара алу» дерегі бойынша Бас прокуратура ҚР ҚК 311 бабы 4 тармағына сәйкес «пара алу», қылмыстық іс қозғады,- дейді ол. Тергеу шаралары барысында ҚР ҚК 307 бабы бойынша «қызметін жеке басының мүддесіне пайдалану», ҚР ҚК 314 бабына сәйкес «қызмет барысында жалған құжат жасау», ҚР ҚК 350 бабы бойынша «Әділетсіз үкім, шешім шығару немесе сот актілерін жасау» жөнінде қосымша айып тағылған.

Іс сотқа жіберілді.

Перейти к новостям спорта