Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы жеке кәсіпкерден 233 тонна шарап материалдарын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы жеке кәсіпкерден 233 тонна шарап материалдарын тәркіледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы жеке кәсіпкерден 233 тонна шарап материалдарын тәркіледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкерден 233 тонна шарап материалдары мен 2,5 тонна спирт тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2005
  • 374
Фото - Caravan.kz

Спиртті өнімдер тіркеусіз және лицензиясыз кәсіпкерлікпен шұғылданған 40 жастағы Мақтаарал тұрғынынан тәркіленді.

Департаменттегілердің түсініктемесіне жүгінсек, кәсіпкер Мырзашөл ауылындағы шарап зауытында 2004-жылғы күзден бері тұрғындардан шарап жасауға қажетті жүзім жинаған. Жүзімді өңдеу технологиясын бұзу салдарынан өнім бұзылып, жүзім шырыны өздігінен аши бастаған. Ашу процессін тоқтату үшін кәсіпкер жүзім шырыны бар ыдыстарға спирт құяды. Ол үшін 4 мың литр спирт сатып алынған. Сөйтіп ол жалпы сомасы 4,5 млн. теңгеге 233 тонна шарап материалдарын әзірлейді. Қалған спиртті кәсіпкер 51 мың теңгеге сатып жібереді. Оның қолында спирт сатуға рұқсаты болмаған.
Кәсіпкердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соттың шешімімен айыпкерге 50 мың теңгенің айыппұлы салынды. Тәркілеп алынған шарап материалдарының көзі жойылып, спирт мемлекеттік кіріске алынды.

Перейти к новостям спорта