Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары пәтер алаяқтарының құрбанына айналған 78 жастағы Алматылық кейуананы қамаудан босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары пәтер алаяқтарының құрбанына айналған 78 жастағы Алматылық кейуананы қамаудан босатты

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары пәтер алаяқтарының құрбанына айналған 78 жастағы Алматылық кейуананы қамаудан босатты

26-тамыз, бейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Көлтоған ауылында тәртіп сақшылары пәтер алаяқтарының құрбанына айналған 78 жастағы Алматылық кейуананы қамаудан босатты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ордабасы аудандық ІІБ бастығының орынбасары Ғалымжан Сыздықов хабарлады.

  • 27 Тамыз 2004
  • 372
Фото - Caravan.kz

Кейуана Алматыдағы Джузеппе Верди атындағы көшенің бойында орналасқан үйде тұрған. Үйінен пәтер жалдап алған біреулер биылғы 8-наурызда кейуананы Оңтүстік Қазақстан облысының Көлтоған ауылына алдап әкеліп, туыстарына тастап кетіп қалған. Зейнеткерді шошалаға қамап қойған әлгілер оны далаға шығармай, күн сайын ашық терезеден тамақ әкеліп беріп тұрған. Қамаудан босатылғанға дейін әйел өзін Алматы іргесіндегі саяжайдамын деп ойласа керек.

Қазір әйел аудандық ауруханаға жатқызылды. Ғ.Сыздықовтың айтуынша, дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін не құжаттары, не болмаса туыстары жоқ жалғызбасты әйел панажайға жіберіледі.
Зейнеткердің үйінен пәтер жалдаған отбасының отағасының үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» жөніндегі 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта