Оңтүстік Қазақстан облыстық тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары Шымкент базарларында сатылып жатқан күріш құрамынан ауыр металл тұздарын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары Шымкент базарларында сатылып жатқан күріш құрамынан ауыр металл тұздарын тапты

Оңтүстік Қазақстан облыстық тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары Шымкент базарларында сатылып жатқан күріш құрамынан ауыр металл тұздарын тапты

Оңтүстік Қазақстан облыстық тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары Шымкент базарларында сатылып жатқан күріш құрамынан ауыр металл тұздарын тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық тазалық-індет станциясы бас дәрігерінің орынбасары Василий Гапуненко хабарлады.

  • 4 Наурыз 2004
  • 513
Фото - Caravan.kz

«Баракат» сорты күрішінен қорғасын табылып, оның концентрациясы шектеулі мөлшерден екі есе артық екені анықталды. Рейд барысында санитарлық дәрігерлер 23 сатушыдан осындай сапасыз күріш тәркіледі.

Мамандардың жорамалына жүгінсек, ірі көлемдегі жарма Өзбекстан арқылы жеткізілгенге ұқсайды. Күріш иероглиф жазуы бар қаптарға салынған екен. Алайда, санитарлық дәрігерлер бұл күріштің қытайлық немесе корейлік екенін әзірге анықтай алған жоқ. Күріш шыны тәрізді жартылай мөлдір, үгілгіш көрінеді. Қыздырған кезде өзіне ғана тән жағымсыз иіс шығады.
Жарма құрамынан табылған қорғасын адам ағзасында жиналатын улы заттар тобына жатады. Қорғасын негізінен көк бауыр, бауыр және қанда жиналып, орталық жүйке жүйесіне ақау түсіреді. Адам ағзасының қорғаныстық қабілеті (иммунитет) әлсіреген жағдайда ағзада жиналған қорғасын қанға ауысады.
Қазір эпидемиолог мамандардың тексеруі одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар