Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚК департаментінің іс материалдары бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚК департаментінің іс материалдары бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар сотталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚК департаментінің іс материалдары бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар сотталды

Шымкент. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қозғаған қылмыстық сыбайлас жемқорлық істері бойынша 5 лауазымды тұлғаға әртүрлі жаза мерзімдеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ОҚО ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 643
Фото - Caravan.kz

4 шілдеде Сарыағаш аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 2-тармағы (Пара алу) бойынша кеден қызметінің подполковнигі Найзабек Қанаевты үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. Кедендік рәсімдеуді жасамастан халық тұтыну тауарларын шекара арқылы еш бөгетсіз өткізуге ықпал еткені үшін 500 АҚШ доллары көлеміндегі заңсыз сыйақы алғаны үшін осылай жазаланды.

11 шілдеде Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық соты Әл-Фараби аудандық ішкі істер органының полиция аға лейтенанты Әлібек Жантуаров пен ОҚО ІІД Шұғыл басқару орталығының инспекторы полиция капитаны Мақсат Оспановты тиісінше 12 және 11 жылға бас бостандықтарынан айырды. Үкім ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы, 2-тармағы (Лауазымын асыра пайдалану) және 259-баптың 4- тармағының «б» тармақшасы (Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сату) бойынша шығарылды. Сотталушылар биылғы жылдың наурыз айында героинді екінші айналымға шығармақшы болған жерлерінен қамауға алынған болатын.

1 тамызда Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облысының Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының Шымкент қалалық №1 қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы әділет капитаны Нұрбақыт Әжібековты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 2-тармағы (Пара алу) бойынша үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. Н. Әжібеков биылғы жылдың сәуір айында сотталушыны түзету жұмыстарынан мерзімінен бұрын босату бойынша материалдарды дайындағаны және тапсырғаны үшін 200 АҚШ доллары көлеміндегі пара алу кезінде тұтқындалған еді.

8 тамызда Шымкент қалалық Абай аудандық соты Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының заңды қолдану және бақылау қызметін жоспарлау бөлімінің бастығы Нұрғали Марлыбайды үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол да жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болады. Жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы 2-тармағы (Пара алу) бойынша тағайындалған. Н. Марлыбай биылғы жылдың 24 сәуірінде коммерциялық нысандарды пайдалануға беру бойынша құжаттарды дайындағаны үшін 15 мың теңге пара алғаны үшін тұтқындалған.

12 тамызда ОҚО Түлкібас аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Қайрат Кизбаевты Шымкент гарнизонының Әскери соты соттаған болатын. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 2-тармағы «в» тармақшасы (Қызметтік жағдайын пайдалана отырып алаяқтық жасау) бойынша жалпы режимдегі колонияда 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Қ. Кизбаев ағымдағы жылдың 27 наурызында әскери билет бергені үшін 40 мың теңге көлеміндегі пара алғаннан кейін қамауға алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар