Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
22 жастағы Ләйлім Сейдалиева «Нарықтағы белгісіздік ахуалында банк тәуекелін басқару» деген тақырыптағы жұмысын байқауға жолдаған. Онда студент еліміздегі жетекші банктердегі нарықтық ахуалдағы банк тәуекелін басқару тәжірибесіне талдау жасап, оны басқарудың өзіндік әдістерін ұсынған көрінеді.
Байқаудың қазылар алқасы тақырыптың күрделілігі мен өзектілігін ескере отырып қыздың жұмысын алтын медальға лайық деп тапты. Сөйтіп Ләйлім Сейдалиева кешікпей Мәскеуге жол тартқалы отыр. Онда түлектің жеңіп алған сыйлығы салтанатты жағдайда табыс етілмек.