Жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облыстық жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өндіруші 100-ден астам кәсіпорын қатысты. Жәрмеңкені тамашалауға еліміздің 11 облысы мен Астанадан өкілдер келді.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша солтүстік өңір өкілдері Оңтүстік Қазақстандықтардан 31,5 мың тонна жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін, 10 мың тонна бақшалық дақылдарды, 250 тонна өсімдік майы мен 300 тонна жүн сатып алуға шарт жасасты.
Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің солтүстік аймақтарына 40 мың тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін сата алады
