Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында көші-қон полициясының қызметкерлері соққыға жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында көші-қон полициясының қызметкерлері  соққыға жығылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында көші-қон полициясының қызметкерлері соққыға жығылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында жергілікті тұрғындар көші-қон полициясының қызметкерлерін соққыға жықты. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 15 Шiлде 2004
  • 636
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ көші-қон полициясының қызметкерлері Жібек жолы ауылында шекаралық тексеру-өткізу бекеттері мен кедендік терминалды айналып өтіп, Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған «ВАЗ-2108» машинасын тоқтатқан. Көлікте барлығы бес адам, соның ішінде үш Өзбекстан азаматы болған.

Құжат тексеріп жатқан кезде жүргізуші із жасырмақ болған. Оны өкшелей қуған көші-қон полициясының қызметкерлері Қазақбай Мехтиев есімді жергілікті тұрғынның ауласына келіп кірген. Туыс-туғандары мен көршілерін жинап алған үй қожайыны тәртіп сақшыларын соққыға жығып, малқораға қамап тастаса керек.
«Тұтқындарды» Сарыағаш аудандық ІІБ-ның арнаулы бөлімі қамаудан босатты. Соққыға жығылған тәртіп сақшыларының өзі ұялы телефонмен оларға хабар берген. Үй қожайыны осыған байланысты қамауға алынды. Ал басқалары іздестіріліп жатыр.
Қазір осы дерек бойынша «бұзақылық», «өкімет өкілдеріне күш қолдану» және «бас бостандығынан заңсыз айыру» жөніндегі баптарға сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта