ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне Төле би ауданынан бір кәсіпкер шағым түсірген. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би аудандық ІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы кәсіпкерден оған қатысты арызды оңтайлы шешіп беру үшін 500 доллар талап еткенін хабарлаған.
ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің шұғыл тергеу тобының қызметкерлері ақша бопсалаушы полиция қызметкері кәсіпкердің жұмыс кеңсесінде 50 мың теңге алып жатқан жерде қолға түсірді.
Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық» жөніндегі 177-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.