Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері екі мыңнан аса оралмандар отбасы көшіп келді
Шымкент. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері екі мыңнан аса оралмандар отбасы көшіп келді, бұл жылдық квотаның 70% құрайды. Бұл тьуралы агенттік тілшісіне Көші-қон комитетінің ОҚО департаментінің көші-қон саясатын жүзеге асыру бөлімінің бастығы Самат Алтынбеков хабарлады. |
С. Алтынбековтың айтуынша, 2008 жылға алыс-жақын шетелдерден 3162 қазақ отбасын алуға квота бөлінген. "Бүгінгі жағдаймен 2 210 отбасы келді. Көшіп келген адамдардың жалпы саны 14 385 адам болды. Оралмандар тиісті жәрдемақыларын алып орналасты", - деді С. Алтынбеков.
Облыстық департамент мәліметінше, 1991 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысына 156 мың адам тұрақты мекенденуге көшіп келді. Олардың 88% - Өзбекстаннан, Тәжікстаннан - 5,2%, Түрікменстаннан - 1,9%, Ираннан - 1,5%, Ресейден - 0,7%. Монғолиядан небәрі 12 отбасы көшіп келген. Сонымен бірге Ауғанстан, Қырғызстан, Қытай мен Түркиядан аз отбасылар бар.
20 мың адамның тұрақты жұмысы бар, 9 600 адам - жұмыссыз, 52 мыңдай адам ауылшаруашылығы саласында немесе жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін